Boxing News журналының  шолушысы Халил Рахманың пікірінше, қазақстандық Қанат Исламның техникасы Геннадий Головкинге емес, Бейбіт Шүменовке ұқсас.

«Қанат Исламды көбіне Геннадий Головкинмен салыстырады. Бірақ олардың техникалары әр түрлі ғой. Қанаттың стилі Шүменовпен бірдей», - деп жазды Рахма өзінің твиттерінде.

Естеріңізге сала кетсек, Қанат Ислам өзінің соңғы жекпе-жегінде колумбиялық Хуан де Анхельді алтыншы раундта нокаутқа жіберіп, 21-жі жеңісіне қол жеткізген болатын.