«Ақтөбе» - U21 командасының бас бапкері Алексей Викторович Косолапов Екінші Лига асында өткен «Шахтер» - U21 (2:3) клубына қарсы кездесу туралы пікірімен бөлісті.
 
- Футболда «сен соқпасаң, саған соғады» деген бар. Басымдыққа ие бола тұр, үзіліске 1:1 есебімен кеттік. Екінші таймды бастағанымыз сол еді, бірден гол жіберіп қойдық, сол гол бүкіл жоспарымыздың күлін көкке ұшырды, одан кейін екінші, үшінші голдар соқтырып алдық. Бұндай нәрселер жас ойыншыларға тән ғой деп ойлаймын, өздерінің мүмкіндіктеріне салғырт қарап, «қазір соқпасам, ендігі шабуылда соғам» деп ойлайтын болуы керек. Бірақ футбол ондай қателіктерді кешірмейді. Сол себепті де екінші, үшінші голдарды жіберіп алдық. Бары осы. 
 
- Екі тайм басында жылдам гол жіберіп алу, бұл салғырттықтың салдары ма, әлде басқа нәрседен бе?
 
- Бірінші минуттардан бастап бей-жайлыққа салыну болды деп ойламаймын. Меніңше бұл бапкер айтқан нұсқауларды толық түсіне білмегеннен сияқты. 
 
- Бүгін «Шахтер» - U21 командасына қарсы негізгі құрамнан келген Қайыров, Тотай, Павлов, Айымбетовтер ойнады. Олардың ойындарына қандай баға бересіз?
 
-Есепті көріп тұрсыз. Ойнаған бәрі, демек бәрі де жеңілді. Жеңілдік, демек бәрі де нашар ойнаған деген сөз. 
 
- Әбілхан Әбдікәрімовке не болды? Ол кездесу соңында дереу ауыстырылды. Бізге жарақат алғандай болып көрінді! 
 
- Ол жарақаттан аман. Сіңірі тартылып қалды. Келесі ойынға дайын болуы тиіс.
 
«Ақтөбе» ФК медиа-аймағы