«Ордабасының» бұрынғы жартылай қорғаушысы Артем Касьянов украиналық «Металлист» клубынан кетті.

Ойыншы харьковтік клубтан өз құжаттарын алып кетті, енді ол – еркін агент.

Естеріңізге сала кетсек, «Металлистке» Касьянов осы қысқы трансфер уақытында келген болатын. Бұған дейін Қазақстан чемпионатында «Ордабасы» сабында өнер көрсеткен еді.