«Қайраттың» алаңы болып есептелетін Алматының Орталық стадионы жаңа кейіпке енбек, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

1958 жылы ашылған Орталық алаң қазіргі таңда 24 мыңға жуық көрерменді сыйдыра алады. Биылғы маусым басында стадионның іші мен жанкүйерлер отыратын трибуналар жөнделді және әлемдік стандартқа сай жаңа төсеніш салынды.

Жаңа жоба бойынша Орталық стадионның сыйымдылығы 30 000 көрерменге шақталып жасалады. Сонымен қатар, жанкүйерлерге арналған түрлі орындар болады.