Хоккейден Дания құрамасының бас бапкері Янне Карлссон Қазақстанмен өткен ойын (4:1) жайлы айтып берді.  

«Біз үшін маңызды ойын болды, бір хоккейшіге басым болған сәтте төрт шайба соққанымызға қуаныштымын. Бұл тұрғыда жақсы матч өткіздік. Енді Чехия мен Швейцария арасындағы кездесудің нәтижесін күтеміз. Өз жігіттерімнің ойынына көңілім толды, топтық кезеңде жақсы өнер көрсеттік деп ойлаймын», - деді даниялық маман.