«Астананың» бұрынғы ойыншысы Фокси Кетевоама бүгін таңертең елордамыз Астана қаласына ұшып келді.

«Астананың» жанкүйерлері әуежайда 29-жастағы футболшыны жылы қарсы алды. Фокси өзінің бұрынғы әріптестері және жанкүйерлерімен кездесу үшін Астанаға жол тартқанын айтты. 

Естеріңізге сала кетсек, африкалық футболшы «Астанаға» 2012-ші жылы ауысқан болатын. Кетевоама елордалық клуб сабында ел чемпионатын және ел кубогы мен суперкубогын жеңген. 

Қазіргі таңда, Фокси түркияның Бірінші лигасындағы «Газиантеп ББ» клубында өнер көрсетеді.