«Қайрат» – «Ертіс» кездесуінде үздік атанған Исаэл «PROСПОРТ» тілшісіне сұхбат берді.

- «Ертіске» қарсы ойында бірінші орын үшін таласты жалғастыратынымызды аңғарттық. «Астананың» ұпай жоғалтқанын ұмытып, алдағы мачтар жайында ойлаумыз керек.

- Жуырда ғана 28 жасқа толыпсыз, құттықтаймыз. Бұған қоса, таяуда екінші балаңыз дүниеге келіпті, ерекше толқыған шығарсыз.

- Көп рақмет құттықтағаныңыз үшін. Расымен де мен өте бақыттымын. Баламның өмірге келуі мені шын мәнінде жігерлендіре түсті.

- Шашты неге бояп алғансыз? Бұл да осы жайттармен байланысты ма?

- Мен алаңда да, өмірде де ерекшеленіп жүрем, таң қалдыратын бірдеңе ойлап жүрем.

- Андрей Аршавиннің «Тобыл» мен «Ертіске» қарсы алаңға шықпауы «Қайраттың» ойынына кері әсерін тигізді ме?

- Ол өте маңызды ойыншы, алайда Аршавиннің орнын басатын жігіттер жетіп артылады командада. Бапкердің кез келген шешімін ойыншы құптау керек.