«Бешикташ» футбол клубы ыстамбұлдық «Фенербахчені» артта қалдырып, Түркия чемпионатының жеңімпазы атанды.

Түркия біріншілігінің 33-і турында «Османлиспор» командасын жеңген ыстамбұлдық ұжым өз тарихында 14-рет ел чемпионатын жеңіп алды. Соңғы рет «Бешикташ» Түркия чемпионатын 2009-шы жылы ұтқан болатын.

Тағы бір ыстамбұлдық клуб «Фенербахче» ел чемпионатының күміс жүлдегері атанды.