«Қайраттың» қорғаушысы Жарко Маркович Prosportkz.kz тілшісіне «Ертіспен» өткен ойын туралы айтып берді. 

- Ауыр кездесу болды, деңгейі шамалас екі команда ойнады. Бірінші таймда-ақ «Ертістің» қақпасына екі-үш гол соғуымыз керек еді. Екінші кезеңде қорғаныста ойнауға мәжбүр болдық, себебі «Ертістің» шабуылшылары бізге қысым жасады.  

- «Ертіс» стандартты соққыларды жақсы орындайды. Келісесіз бе? 

- Иә, оларда ұзын бойлы ойыншылар көп. Физикалық дайындықтары күшті. 

- Бруно Соарестің жарақатына байланысты қорғаныста Рудосельскиймен бірге ойнап жүрсіз. Тимур жайлы пікіріңіз қандай? 

- Тима - талантты, жас футболшы. Әр ойын сайын жақсы ойнауда. 

- Бұл кездесуден кейін «Қайрат» «алтын» медальға таласады деп айта аламыз ба? 

- Әрине, соңғы ойындарда жақсы өнер көрсеттік. Әлі де чемпиондыққа таласамыз деген ойдамын.