Мексикалық боксшы Хуан Мануэль Маркес ESPN арнасына берген сұхбатында «Канело» қазақстандық Геннадий Головкинмен тек орта салмақ дәрежесінде кездесуі тиіс екенін айтты. 

«Канело» - орта салмақтың чемпионы, яғни Головкинмен ол тек 72 келі салмақ дәрежесінде жұдырықтасуы тиіс. Бұл орта салмақтың ең төменгі көрсеткіші. 155 фунт деген салмақ дәрежесі жоқ. «Канело» Головкинге қарсы кездесуде WBC белбеуін орта салмақта қорғауы тиіс, кері жағдайда бокс жанкүйерлері Саульді құрметтемейді», — деді мексикалық боксшы.