Белградтік «Партизанның» Еуропа лигасындағы мүмкіндіктерін бағалап жатқан сербиялық БАҚ «Қайратқа» түсуден қауіптенеді.
 
Сербиялық БАҚ-тың мәлімдеуінше, «Партизанға» бірінші кезеңде македониялық «Шкендия» қауіпті болуы мүмкін. Ал екінші іріктеу кезеңінде ең мықты қарсылас алматылық «Қайрат» деп есептейді.
 
Айта кетейік, сербиялықтар алматылық ұжымды жақсы біледі. Былтыр «Қайрат» Еуропа лигасында «Црвена Звезданы» ұшырып жіберген болатын.