Мюнхендік «Баварияның» бас бапкері Хосеп Гвардиола германиялық клубтағы жұмысын толығымен сәтті болды деп айта алмайтынын жеткізді.

«Біздің нәтижеміз мінсіз болмады дегенге келісемін. Бәріміз үшін жүрегім ауырады. Бір жағынан, мақтаныш сезімі де бар, бірақ «Бавария» секілді команда бәрін де ұтуы тиіс. Егер біз үш маусымда бұған қол жеткізе алмасақ, басқа бапкер келуі керек», - деді Гвардиола.

Осы маусым біткен соң испаниялық маман «Манчестер Ситидің» тізгінін ұстайды, ал «Баварияның» бас бапкері қызметін Карло Анчелотти атқарады.