Германияда екінші бундеслига чемпионаты өз мәресіне жетті.

Екінші бундеслиганың чемпионы «Фрайбург» пен екінші орын алған «РБ-Лейпциг» жоғары дивизионға тікелей жолдама алды. Ал «Нюрнберг» пен «Айнтрахт» бірінші бундеслигада ойнауға таласады.

Қазақстандық Генрих Шмидтгаль өнер көрсететін «Франкфур», сондай-ақ, «Дуйсбург» пен «Падеборн» төменгі дивизионға түсіп қалды.

30 жастағы Генрих Шмидтгаль «Франкфуртке» былтыр жазда келген болатын, бірақ маусымға дайындық барысында ауыр жарақат алған ол өз клубы сабында бір матч та ойнай алмады. Келісім-шарт бойынша ол «Франкфуртте» тағы бір маусым ойнайды.