Ел біріншілігінің 11-ші туры аясында талдықорғандық «Жетісу» сырт алаңда Оралдың «Ақжайығын» қапы қалдырды.
 
Матчтағы есеп 3-ші минутта орын алды. Қақпа маңына көтерілген допты Симоновски  дәл көздеді. Екінші таймның соңына қарай Хромцов таразы басын теңестіргенмен, қосымша минутта Савич пенальтиден гол соғып, командасына үш ұпайды сыйлады.
 
Премьер-Лига. 11-ші тур
 
«Ақжайық» - «Жетісу» 1:2