Алматылық «Қайрат» ел біріншілігінің 11-турында көшбастап келе жатқан командалардың бірі павлодарлық «Ертісті» тізе бүктірді.

Пентакампеондар алғашқы он тур бойы жеңілмей келе жатқан еді. Алматыдағы «Орталық» стадионда алматылықтарға бір ғана гол үш ұпай сыйлады. 21-минутта Исаэл Барбоза алаң иелерін алға шығарды.

Тоблодағы көрсеткішті өзгертетін уақыт жеткілікті болғанымен командалар бұдан әрі гол соққан жоқ. Қорытынды есеп – 1:0, «Ертістің» жеңіліссіз сериясы аяқталды.

Осы жеңісінің арқасында 17 ұпай еншілеген «Қайрат» алтыншы орында қалды. «Ертіс» те екінші орыннан түскен жоқ – 26 ұпай.

«Қайрат» - «Ертіс»

Гол: 1:0 – Исаэл 21