Футболдан ел Премьер-лигасының 11-турында көкшетаулық «Оқжетпес» өз алаңында «Тобылмен» тең тарқасты.

Есепті «Оқжетпес» ойыншылары ашса да, голды қостанайлық ойыншы соқты. 16-минутта Серж Бандоның оң қанаттан асырған пасын қостанайлық қорғаушы Денис Главин тоқтатқысы келген, бірақ доп Денистің аяғына тиіп қақпаға сызығынан өтіп кетті.

Бірақ матчтың соңына таман көкшетаулықтар жеңісті уысынан жіберіп алды. 88-минутта Сергей Хижниченко таразы басын теңестіріп тастады. Қорытынды есеп – 1:1.

Осы матчтан кейін «Оқжетпес» төртінші орынға тұрақтады – 19 ұпай. Ал еншісінде 12 ұпай бар «Тобыл» екінші алтылықта келеді. 

«Оқжетпес» - «Тобыл» 1:1 (1:0)

Гол: 1:0 - Главин автогол 16, 1:1 - Хижниченко 88