Елордалық «Астана» командасының бұрынғы ойыншысы Фокси Кетевоама түркиялық «Газиантеп ББК» сапында покер авторы атанды.
 
Түркия Бірінші Лигасының 34-туры аясында Фоксидің командасы сырт алаңда «Денизлиспор» клубымен күш сынасқан. Аталмыш кездесу 5:2 есебімен «Газиантеп ББК» командасының пайдасына шешілді. Ал Фокси Кетевоама болса 10-шы, 11-ші, 36-шы және 90-шы минуттарда гол соғып, покер авторы атанды.