Мексикалық боксшы Хулио Сезар Чавес қазақстандық Геннадий Головкинді оңай жеңетінін мәлімдеді.
 
Тengrinews.kz ақпараттық порталының мәлімдеуінше, 30 жастағы Хулио Сезар Чавес Instagram желісінде WBA (Super), IBO, IBF және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинмен тұрған суретін жариялады. 
 
Еске салайық, Геннадий Головкин 24 сәуірде кезекті жекпе-жегін өткізген еді. Ол екінші раундта америкалық боксшы Доминик Уэйдті нокаутқа түсірді. Ал Чавес рингке соңғы рет бір жыл бұрын шыққан, 18 сәуірде ол WBC International белбеуіне таласып, поляк боксшысы Анджей Фонфареден ұтылған еді.