«Қайрат U-14» Volkswagen Junior Master турнирінде алғашқы матчын өткізді.

«Қайрат» ФК ресми сайтының мәлімдеуінше, алматылықтар бірінші матчында бразилиялықтармен күш сынасқан, «Қайрат» өз құрдастарын ірі есеппен жеңді – 3:0. Кенжебек дубльдің авторы атанса, тағы бір голды Мұхит соқты.

Екінші ойын сол күні сәл кешірек өтті. «Қайраттың» кезекті қарсыласы Аустрияның атынан шыққан «Штурм» тәрбиеленушілері болған. Бұл жолы қазақстандықтар жеңіліп қалды – 0:2.

Қазіргі уақытта Кирилл Кекер шәкірттері үш ұпаймен үшінші орында тұр, алдыңғы сатыларда Аустрия мен Ирлания командалары. Кувейт пен Ирландияға қарсы матчтар бүгін өтеді.