Белгілі кәсіпқой боксшы кіші Флойд Мейуэзер қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасында болуы мүмкін жекпе-жек туралы пікірімен бөлісті.

«Егер мен Канелоның промоутері болсам, Triple G-мен күреспес едім де. Канелоға Triple G-дің алдында иілмеу керек. Головкинге Канело керек, бірақ ол 160 фунтта қалғысы келеді.

Канело – нағыз чемпион. Ол сол жаққа барып, не істеуі керек – соны істейді. Бірақ Канело бокста көп шу шығарады», - деді Флойд.