«Тараз» ФК бас бапкері Нұрмат Мырзабаев «Ордабасыға» қарсы ойыннан кейінгі баспасөз мәслихатында өз командасына көңілі толмағынын айтты.

«Матчтың бірінші таймында командамның ойынына көңілім толмады. Олар командалық ойын көрсете алған жоқ. Өздеріңіз көрдіңіздер, бір-біріне берген пастары дұрыс жетпей, тура соққылар бағытталмай жатты. Сол үшін үзілістен кейін бірден футболшы алмастыруға мәжбүр болдық. Гол соғатын тамаша сәттер болған. Бірақ ойыншыларымызға неге дәлдік жетіспегендігін түсіне алмадым. Кейбір футболшыларымыз алған жарақатынан әлі күнге толыққанды айыққан жоқ. Олардың қатарында Иоан Мера мен Олег Недашковский бар.