Каталониялық «Барселона» футболдан Испания чемпионы атанды.

Ла Лиганың 38-турында каталониялық клуб «Гранадаға» қонаққа барған. Чемпион атану үшін Луис Энрике шәкірттеріне үш ұпай еншілеу қажет еді. Матчтың 22-минутында Луис Суарес рөз командасын алға шығарса, 28-минутта дубль авторы атанды. Ал кездесу аяқталар тұста уругвайлық шабуылшы хет-трик жасап, өз командасына сенімді жеңіс сыйлады.

Осылайша, 91 ұпай жинаған «Барселона» чемпион атанды. Ал екінші орын еншілеген «Реал Мадрид» олардан бір ұпай қалып қойды.