Радиожүргізуші Кристиан О'Коннелл Геннадий Головкиннен бокс әлеміндегі сүйікті спортшыларының кім екенін сұрады. Бұл туралы ҚазАқпарат мәлім етті. 
 
«Егер үш сүйікті боксшыны таңдау керек болса, онда бұл Шугар Рэй Робинсон, Майк Тайсон және үлкен Хулио Сесар Чавес», - деп жазды GGG өзінің твиттерінде.
 
Робинсон - жартылай орта (1946-1950) және орта (1951, 1951-1952, 1955-1957, 1957 және 1958-1960) салмақтарындағы әлем чемпионы.
 
Тайсон кәсіби боксшылар арасында ауыр салмақ дәрежесіндегі абсолютты әлем чемпионы (1987-1990). Сондай-ақ ол WBC (1986-1990, 1996), WBA (1987-1990, 1996) және IBF (1987-1990) нұсқалары бойынша әлем чемпионы атанды.  
 
Чавес - 2-ші жартылай жеңіл (1984-1987 WBC нұсқасы), жеңіл (1987-1988 WBC нұсқасы, 1988 WBA нұсқасы) және 1-ші жартылай орта (1989-1994, 1994-1996 WBC нұсқасы; 1990-1991 IBF нұсқасы) салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы.