Бүгін Астанадағы бокс кешінің басты жекпе-жегінде қазақстандық Бекман Сойлыбаев грузиялық былғары қолғап шебері Николоз Кокашвилимен жұдырықтасады.

Аталмыш жекпе-жекті «Хабар» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Кездесу астана уақытымен сағат 22:00-де басталады.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін Астананың «Көрме» орталығында үлкен кәсіпқой бокс кеші өтеді.