Екінші орта салмақ дәрежесінде бұрынғы әлем чемпионы америкалық боксшы Андре Уорд қазақстандық Геннадий Головкинмен кездесу неліктен өтпегенін айтты. 

«Жанкүйерлер біздің жекпе-жегімізді көре алмады. Бұл әрине өкінішті жайт. Оның мансабына құрметпен қараймын. Бірақ менімен жекпе-жектен бас тартқан – Головкиннің командасы. Ол салмақ қосып, менімен жұдырықтасқысы келмеді», - деді Уорд Fighthype.com сайтына.  

Естеріңізге сала кетсек, Уорд ресейлік Сергей Ковалев жекпе-жек өткізу туралы келісімшартқа қол қойғанын айтқан болатын.