«Ертістің» литвалық қорғаушысы Георгас Фрейдгеймас керекулік клубтың баспасөз-қызметіне алматылық «Қайратпен» өтетін матч жайлы айтып берді. 
 
— Георгас, «Ертіс» келесі кездесуін «Қайратқа» қарсы өткізеді. Дайындық қалай? 
 
— «Қайрат» — өте мықты команда. Бізді ауыр кездесу күтіп отыр. Бірақ, алматылық клуб қазір бабында емес сияқты. 
 
— «Қайратты» қалай ұтуға болады, қалай ойлайыз? 
 
— Қорғаныста мұқият ойнап, бар күшімізді салсақ - ұтамыз. 
 
— Алматылық командадағы ең қауіпті ойыншы кім?
 
— «Қайрат» - «Тобыл» кездесуін көрдім. Алматылық командада Исаэль, Гоу, Тимощук пен Аршавин сынды шебер ойыншылар бар. Қалған ойыншылары да өте мықты.