Кәсіби футболшы болу - көптеген балалардың арманы. Уақытты қалай тиімді өткізу қажет? Жазғы уақыт басталысымен балалар, қала берді, ата-аналар үшін осы сұрақ күн тәртібіне шығады. Доп қуған бірнеше жастар тек қана уақыт өткізу үшін ғана емес, керісінше, "Тобыл" секілді алпауыт ұжымның қатарына ілігуді көздейді.  
 
Бұл қаншалықты жүзеге асады әрі шынайы? Осы және басқа да сұрақтар бойынша біз клубтың спорттық директоры Константин Гальченкомен сұхбат жүргіздік.
 
- «Тобылға» кіру үшін қандай да бір кедергілер бар ма?
- Кез келген медициналық теріс көрсеткіштер: майтабан, көзі нашар көрсе, жүрек аурулары, жұқпалы дертке ұшыраса. 
 
- Егер мектеп жасындағы әр бала дені сау болып, «Тобыл» клубында ойнағысы келсе, мүмкіндігі бар ғой?
 
- Мектеп оқушылары «Тобылға» кіріп, «Coca cola Былғары доп» турниріне қатыса алады. Осы жарыс арқылы біз жас футболшыларды өзімізге тартамыз. Барлық турларды бақыдап, талантты балаларды іріктейміз. Оған қоса дене шынықыру пәнінің мұғалімдері де көмектеседі. Осы турнирде жақсы ойын өрнегін көрсеткен кез келген баланы "Тобыл" футбол орталығында тағы бір сынақтан өткіземіз. Ұнаса, бізде ойнайды. Ең бастысы кішкене кезінен футбол ойнаса, оның мүмкіндігі әлдеқайда жоғары. Тіпті, суға жүзіп, күреспен айналыссын... Әйтеуір, спортқа жақын болғаны жөн. Ал футбол секциясына келу содан соң оңайға түседі. Шынайы талантын бақылатқан жас аяқдопшы бара-бара команданың қосалқы құрамына да ілінетін болады. 
 
- Егер бала «Былғары доп» турниріне қатысатын жастан асып кетсе? 
- Біз әркімге мүмкіндік беруге тырысамыз. Әсіресе, жаз ортасына қарай бізге келіп: "Біздің футбол ойнағымыз келеді. Бұрын да доп тепкенбіз" деушілер жеткілікті.  
- Ал футболға қызығушылығы мол адам делік, дегенмен ол турнирлерге қатыспаса, онда оны да өзін шебер орындаушы санайды деп есептейік талантты футболшы деуге лайықты ма? 
- Ондайлар бар әрине, дегенмен екінің бірі емес. Футбол командалық ойын ғой, әркім бір командада өзін көрсетуі қажет. Ол өзі жалғыз команданы құрмайды. Ешқашан да. Кез келген жағдайда шағын топтан болса да, бастауы қажет. Бізде басқа да қиындықтар бар. Қостанайдан шеткері аудандарда талантты футболшы балалар бар. Бірақ, олар бірден мұнда келе алмайды, әрқилы жағдайлар дегендей... Дегенмен, олар оқу бітірген соң болсын, бізге келіп бақылаудан өтсе болады.  
 
- Жасы үлкендерге тоқталайық. Егер де баланың жасы 20-дан асып кетсе, ол "Тобылдың" негізгі құрамына алына ала ма? Тіпті үшінші лиганың ойыншыларын алсақ та, мысалы "Форум".
- Бір шешімі бар - лигадан екінші лигаға дейін көтеріліп, содан соң негізгі құрамның "есігін қағуға" болады. Алжолдастық кездесулер арқылы да ойыншы таңдай аламыз. Аталмыш "Форуммен" де жазғы уақыттарда жолдастық матч өткіземіз. Біз ол жігіттерді блеміз. Бұрындары бәлкім, жігер таныта алмаған шығар. Ал, қазір олар тәжірибе жинақтаған ұжым болып қалды. Бұл да бір мүмкіндік!
 
- Ал осы жүйе футболдан тыс адамдардың арасында жүргізіліп көрді ме?
- Әзірге жоқ. Қараңызшы, жиырма жастың төңіргеінде футбол ойнамаған баланың "екінші" тынысы ашылып, мықты футболшыға айналып кетсе ше? Міне, сондықтан да таланттылардың жанымызда жүруі ықтимал.
 
 «Тобыл» ФК баспасөз қызметі