«Ақтөбе» командасы Қазақстан футбол федерациясының Қытай мен Қазақстан ұлттық құрамалары арасындағы жолдастық кездесу өткізу жайлы бастамасын қолдайды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлім етті.
 
«Ақтөбе» клуб Қазақстан құрамасының мүддесі үшін, бір турды 4 маусымнан 2 маусымға ауыстыруды, ал одан кейінгі турды басқа қосымша күндерге белгілеуді дұрыс деп санайды. «Ақтөбе» ФК УЕФА Еуропа лигасына қатысуды, Қазақстан құрамасының мүддесін елемеуге себеп болады деп есептемейді.