Футболдан Қазақстан құрамасының капитаны Самат Смақов маусымның 7-не жоспарланған Қытай құрамасына қарсы кездесу жайлы айтып берді. 

- Қытай сынды мықты қарсыласпен кездеспегенімізге көп болды. Бұл мемлекетте футбол өте қарқынды дамып келеді. Футболға көп қаржы бөлінуде. Атақты ойыншылар Қытай чемпионатында өнер көрсетуде. Мұндай қарсыласпен ойнау біз үшін қызық болмақ. 

- Бірақ бұл ойын үшін Қазақстан чемпионатының кестесінде «бос күн» жоқ екен. 

- Осындай қателіктерді болашақта жібермеу керек. Қазақстан чемпионатының кестесін құрған кезде ұлттық құрамасының кездесулерін ескеру қажет. Ал Қытайға қарсы ойынның болуы - жақсы жаңалық. Қытай сияқты мықты қарсыласпен ойнау мүмкіндігін пайдаланған дұрыс. Біздің жас ойыншылар бұл ойында өздерін мықты қырынан көрсетсе, бәлкім жергілікті командалардың қызығушылығын тудырады.   

- Чемпионат кестесінің өзгеруі клубтардың дайындығына өзгеріс енгізетіні анық. Командалар бұған дайын ба? 

- Футболшылар - қызметкерлер. Мен клубтың бастығы болсам, ұлттық құраманы бірінші орынға қояр едім. Бұған қоса, Қытай сияқты мықты командамен ойнау мүмкіндігін пайдаланған дұрыс. 

- Демек, Самат Смақов ұлттық құрамаға көмектесуге дайын?

- Әлбетте.