Ұлыбританияның ақылы телевизия операторы BT Sport арнасы тұңғыш рет YouTube хостингінде еурокубоктардың финалдық матчтарын көрсетеді.

Тengrinews.kz ақпараттық порталының мәлімдеуінше, екі ойынның да бұл арнаға жазылған қолданушыларға тегін көрсетілетіні айтылады. Еуропа лигасының финалы 18 мамырда Швейцариядағы «Санкт-Якоб Парк» стадионында өтеді, «Ливерпуль» мен «Севилья» кездеседі, ал Чемпиондар лигасының финалы 28 мамырда Италиядағы «Сан-Сиро» стадионында өтеді, мұнда «Реал» мен «Атлетико» бәсекелеседі.

«Осылайша біз ұялы құрылғылар мен әлеуметтік желілерді жиі қолданатын спортсүйер жастардың телеарнаға деген қызығушылығын арттыруды көздеп отырмыз. Бұл финалдарды бұрынғылардан да ерекше етіп көрсетеміз деп жоспарлап отырмыз, барлық әлеуметтік желіде керемет контент жасаймыз», - деді BT Sport арнасының жетекшілерінің бірі Джон Петтер.