Орта салмақ дәрежесінде IBF/IBO/WBA чемпионы Геннадий Головкин WBC белбеуінің иегері мексикалық Сауль Альваресті өзінен жеңіл боксшыларымен жұдырықтасады деп айыптады, деп хабарлайды «Чемпионат».
 
«Мен орта салмақтың чемпионымын, бірақ менің жекпе-жегім 155 фунтта өтуі керек» деп айтады үнемі Альварес. Мұны қалай түсінуге болады? Орта салмақ дегеніміз 160 фунттан (72 келі) жоғары көрсеткіш. Бұл дұрыс емес, боксқа деген құрметсіздік. Өз жанкүйерлерін сыйламауы. Альварес соңғы жекпе-жегінде жартылай орта салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан Әмір Ханмен кездесті. Мен үшін бұл түсініксіз жайт. Бұл ақша үшін ұйымдастырылған жекпе-жек.  

Оған нағыз орта салмақ дәрежесінде жұдырықтасатын боксшымен кездесу керек. Ол ешқашан орта салмақтың боксшысымен кездескен емес. Котто, Кирклэнд - олар 160 фунттың боксшылары емес. Мен - орта салмақтың чемпионымын. Альварес орта салмақтың нағыз патшасын анықтағысы келсе, менімен жұдырықтасу керек», — деді Головкин BoxingScene сайтына.