Белгілі америкалық боксшы Андре Уорд жартылай ауыр салмақ дәрежесінде WBA (Super), WBO (Super), IBF чемпионы ресейлік Сергей Ковалевпен жекпе-жек өткізу туралы келісімшартқа қол қойғанын айтты, деп хабарлайды аllboxing.ru.
 
— Сергей Ковалевпен жекпе-жек өткізу туралы келісімшартқа қол қойғанмын. Бірақ ол үшін алдымен екеуіміз алдағы жекпе-жектерімізде жеңіске жетуіміз қажет. Содан кейін ғана жекпе-жек қараша айында өтеді. 
 
— Жекпе-жек қарашаның 19-ы өтеді ме? 
 
— Нақты қай күні өтетінін айта алмаймын. Бірақ біз қараша айында жұдырықтасамыз деп келістік.
 
— Демек, нақты қай күні және қай жерде өтетіні әзірге белгісіз? 
 
— Ресми түрде келісімшарт бар. Енді нақты қай күні және қай жерде өтетінін анықтау қажет. Өзбасым, Лас-Вегас қаласында жұдырықтасқым келеді.