«Ертістің» ойыншысы Гогита Гогуа Prosportkz.kz порталына берген сұхбатында Қазақстандағы футбол жанкүйерлері туралы пікірімен бөлісті.

«Әр қалада жағдай әр түрлі, бірақ Ақтөбедегі ойын әсерлі болды. Матч барысында денең тітіркеніп кетеді, көрермендер бүкіл ойын бойы тынышталмады, біз қонақта ойнасақ та, бізге де жанкүйер болып жатқандай әсерде болдық! Менің таңқалатыным, Астанада неге мұндай атмосфера жоқ? Команда Чемпиондар лигасында ойнады, ал қазір футболға тек туыстары ғана келетін сияқты. Футбол көрермендер үшін ойлап табылған, Павлодардағы жанкүйерлер де қуантады, бірақ олардан сәл белсендірек болуын сұрар едім. Павлодарлықтардың футболды қалай жақсы көретіні байқалады, бірақ матч барысында белсенділік жетіспейді. «Астанаға» қарсы ойынды естеріңізге түсіріңіздерші, екінші таймда олар бізді алға ұмтылдырды, сондықтан үзілістен кейін жақсы ойнадық», - деді Гогуа.