Бүгін, «Қайрат» пен Қазақ футболының аңыз ойыншысы Тимур Санжарұлы Сегізбаев 75 жасқа толды.

Тимур Санжарұлы кәсіпқой футболшы мансабын тек «Қайрат» сабында өткізіп, Қазақ футболының нағыз көрнекті тұлғасына айналды.    

Тимур Санжарұлы Сегізбаев - КСРО спорт шебері, Қазақ КСР және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері.

Сондай-ақ, осыдан екі жыл бұрын ашылған «Қайраттың» бірінші Академиясына Тимур Сегізбаевтің есімі берілген болатын.