Top Rank промоутерлік компаниясының президенті Боб Арум мексикалық боксшы Хильберто Рамирес пен қазақстандық Геннадий Головкин арасындағы болуы мүмкін жекпе-жек жайлы айтып берді. 

Арумның айтуынша, Головкин WBC чемпионы Альваресті нокаутпен ұтады. 

«Хильберто Рамирес пен Головкин арасындағы жекпе-жек міндетті түрде болады деп ойлаймын. Менің ойымша, Геннадий Сауль Альваресті нокаутпен ұтады. Бұл кездесуден кейін менің боксшым Рамирес қазақстандық боксшымен жұдырықтасуға дайын», - деді Арум Fighthype.