Белгілі бокс маман Фредди Роуч WBC чемпионы Сауль Альварес пен WBA/IBF белбеулерінің иегері Геннадий Головкин арасындағы жекпе-жек тартысты өтетінін айтты. 

«Канелоның Ханмен жақын қашықтықта қалай жұдырықтасқанын көрдік. Оның нокаутқа құлатқан соққысы әдемі шықты. Канело бұрынғыдан қарағанда жақсырақ төбелесуде. Головкин үшін жеңіл болмайтыны анық. Бұл өте қызық жекпе-жек болмақ. Менің ойымша, Головкин қазір әлемдегі ең үздік боксшы. Бірақ, Альвареске қарсы кездесу өте тартысты өтеді», — деді Роуч Boxing Scene сайтына.