Белгілі америкалық боксшы Шэйн Мозлидің айтуынша, Альварес-Головкин жекпе-жегі қыркүйектің 17-і өтеді.

«Канело» мен Головкин арасындағы жекпе-жек қыркүйектің 17-і өтеді. Бұл сөзсіз «жыл айқасы» болады.  Golden Boy компаниясы жақсы жұмыс атқарды. Келіссөздер аяқталды», - деп жазды Мозли өзінің «твиттердегі» ресми парақшасында. 

Естеріңізге сала кетсек, WBC президенті Маурисио Сүлейман қос боксшыға жекпе-жек мерзімін анықтау үшін 15 күн берген болатын.