Ташкентте Қазақстан және Өзбекстан Кәсіпқой футбол лигалары басшыларының жұмыс кездесуі өтті. Бұл туралы ҚКФЛ баспасөз қызметі хабарлады.
 
ҚКФЛ президенті Олжас Абраев және Өзбекстан КФЛ-ының бас директоры Фархад Магаметов ынтымақтастық мәселелерін талқылап, көптеген маңызды тақырыптары жайлы өз мінездерін білдірді. Оған қоса, екі жақ ынтымақтастық меморандумының мүмкіндігін жоспарлады.
 
Іс-сапарда ҚКФЛ президенті «Бунедкор» футбол клубының бас директоры Бақтияр Бобоевпен кездесіп, осы команданың стадионымен, мұражайы және акамедиясымен танысты.