15 мамыр күні Алматы қаласында футболдан Қазақстан Республикасы чемпионатының ХІ туры аясында «Қайрат» пен павлодарлық «Ертіс» арасында кездесу өтеді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.     
 
-Кездесу өте тартысты болады деп күтілуде. Ойынды тамашалауға келген павлодарлық жанкүйерлер алаңға тегін кіреді. Сағат 17.00-ден бастап Алматыда ойын өтетін стадионның №1 кіре берісінде павлодарлық клубтың бойтұмары - ақ аю тұрады. Сол жерден жиналып, №27 секторге өтуге болады. Ойынның басталуы сағат 18.00-де. Әр көрерменнің өзімен бірге ақ жейде мен мойынорағыш болуы керек, - деп хабарлады «Ертістің» баспасөз қызметінде.
 
Айта кетерлігі, павлодарлық «Ертіс» турнир кестесінде 26 ұпаймен екінші орында келеді. Димитар Димитровтың шәкірттері осы күнге дейін 10 ойын өткізіп, сегізінде жеңіп, екеуінде тең ойнап, ешбірінде жеңілмеген. Ал, «Қайрат» 10 ойынның төртеуінде жеңіп, екеуінде тең ойнап, төртеуінде ұпай жоғалтқан. Қазірде алматылықтар 14 ұпаймен алтыншы орында келеді.