Ла Лига аясында өткен «Барселона» мен «Эспаньол» арасындағы кездесуде Месси қарсылас қақпашысы Лопесті балағаттаған. Бұл кездесуде каталондықтар 5:0 есебімен жеңіске жеткен еді.

«Эспаньол» қақпасына гол соққан соң, Лионель Месси қақпашы Лопеске: «Не болды? Жұтып қойдың ба, есалаң!» деді. Осылайша Месси «Эспаньол» қақпашысына кек қайтарған екен.

Айта кетейін, Испания Кубогы аясындағы алдыңғы ойында Лопес Месидің аяғын қасақана басып тұрып алған.