«Ақжайық» футбол клубының шабуылшысы Сергей Гридин ProsportKZ.kz сайтының тілшісіне сұхбат берді.
 
— «Ақжайық» үшін «Астанаға» қарсы ойын өте ауыр болған сияқты. Бұл туралы не айта аласыз? 
 
— Иә, ауыр болды. «Астана» - ел чемпионы, турнир кестесінде көш бастап келе жатқан команда. Бірақ оңай болмайтынын білдік. Бар күшімізді салдық деп ойлаймын.  
 
— Талғат Маруанұлы матч алдында қандай нұсқау берді?
 
— Тартысты кездесуге дайындады. Бар күшімізді салуды сұрады. 
 
— Байсұфинов сізге үміт артуда, жиі алаңға шығарып жүр. Бас бапкермен жиі сөйлесіз бе?
 
— Талғат Байсұфинов - өте мықты маман. Оның әр шешімін құрметтеймін. 
 
— Онымен Қазақстан құрамасына қайта оралу жайында әңгімелескен жоқсыз ба?  
 
— Иә, мұндай әңгіме болды. Ұлттық құрамаға қайта оралу дейсіз бе? Қазіргі ойынымен мені Қазақстан құрамасына ешкім шақырмайды. 
 
— Қайта шақырту алу үшін еңбек етіп жүрсіз бе? 
 
— Әрине, күн сайын еңбек етудемін.