Дортмундық «Боруссияның» капитаны Матс Хуммельс жазда мюнхендік «Баварияға» ауысады.

«Бавария» «твиттердегі» ресми парақшасында Матс Хуммельспен ресми түрде келісімшартқа отырғанын мәлімдеді.  

«Матс — әлемдегі ең үздік орталық қорғаушылардың бірі. Ол «Баварияға» көмектесетіні анық», - деді мюнхендік клубтың директоры Карл-Хайнц Румменигге.

Матс Хуммельс Германия чемпионымен  бесжылдық келісімшартқа қол қойды.