Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин АҚШ-та өткен «тұсау кесу» рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Nur.kz.
 
Қазақстандық жұп сәбиінің тұсауын Головкинге кестіруді ұйғарыпты. Бұған отандасымыз қарсылық білдірмей, керісінше, қуана-қуана келіскен. Қазақта баланың тұсауын ел арасында сөз ұстаған шешендер, алып күштің иесі батыр-балуандар, желаяқ жүйріктер, жез таңдай ақын-әншілер, даңғайыр күйшілер, дінді берік ұстанған адамдар немесе аузында иманы, қолында құраны бар молдалар кескенін ескерсек, АҚШ-тағы жас жұптың өз нәрестесінің тұсауын ырымдап Головкинге кестіруінде үлкен мән бары анық. Лайым ниеттері қабыл болғай!