Алматылық «Қайраттың» ойыншысы Андрей Аршавин «Жетісуға» қарсы ойында алған жарақатынан қалай айығып жатқанын айтты.

«Аяғымның ауырып тұрғанын сезініп, алмасуды сұрадым. Кейін белгілі болғандай, бұл жамбас бөлігі шамалы жыртылып кеткен екен. Соның кесірінен бірнеше жаттығу күні мен «Тобылға» қарсы матчты жіберіп алдым.

Бірақ бүгін жүгіріп бастадым. Оны ертең де жалғастырам, егер аяғым жақсы болып жатса, бейсенбіде жаттығу жасап бастаймын. Келесі турға тезірек оралғым келеді, 15 мамырда екінші орында келе жатқан «Ертіске» қарсы маңызды матч бар», - деді Аршавин.