Футбол қауымдастықтарының халықаралық кеңесі қосымша ережелер енгізді.

Енді футболшы 11 метрлік айып соққысын орындарда қозғалыс ырғағын өзгертуге, яғни, пенальтиді тебер алдында тоқтап қалуға болмайды. Төрешіге мұндай жағдайда ойыншыға сары қағаз беріп, пенальтиді алып тастауға рұқсат берілді.

Сонымен қатар, рефери матчқа дейін ойыншыларға қызыл қағаз көрсете алады. Яғни, матчтың алдында командалар алаңға енді шығайын деп тұрғанда ойыншылар төбелес не жанжал шығарып жатса, оған қызыл қағаз көрсете алады. Бірақ оның орнына бірден басқа ойыншы шығады. Матчты 11 ойыншымен бастау қажет.