«Қайрат» клубының бас бапкері  Кахабер Цхададзе Премьер-Лиганың 10 туры аясында «Тобылға» қарсы өткен кездесу туралы матч соңындағы баспасөз-мәслихатында айтып берді.

- «Тобыл» командасының көп кездесулерін қарап шықтық. Деңгейі жоғары, мықты ойыншылардан жинақталған ұжым. Ойынның қиынға соғарын алдына ала білген едік. Кездесуден жанкүйерлер ләззат алды деп ойлаймын. Өйткен, ойын тартысқа толы, қызуқанды, жылдамдығы жоғары өтті. Қос ұжым да мақтауға тұрарлық.

Өзімнің командама келетін болсам, жігіттерге алғысымды айтқым келеді. Олар тек қана футбол ойнаған жоқ, жігерлік танытып, соңына дейін күресті. Жеңіске жетуіміз лайықты деп ойлаймын. Алаң сапалы ойын көрсетуге кедергі келтіргені рас. Дегенмен, ең бастысы, маңызды үш ұпайға қол жеткіздік.