ПСЖ футбол клубының жетекші ойыншысы Златан Ибрагимович «Манчестер Юнайтедке» ауысуға жақын.
Естеріңізге сала кетсек, 34-жастағы швециялық шабуылшының биылғы маусымның соңында париждік командамен келісімі аяқталады.
L`equipe басылымының ақпараттарына сүйенсек, Ибрагимович мансабын «Манчестер Юнайтедте» жалғастырады. Сондай-ақ, Златанға бірқатар қытайлық клубтардан жақсы ұсыныстар түсті.
Естеріңізге сала кетсек, жақында ғана Ибрагимович биылғы маусымның қорытындысы бойынша, Франция чемпионатының үздік ойыншысы атанды.
Комментарии