Әлемнің 12 дүркін чемпионы кіші Флойд Мейуэзер орта салмаққа ауыса алмағандықтан Геннадий Головкинмен жұдырықтаса алмайтынын айтты.

«Бокста болып жатқан нәрселерді қарау керек... Мен бес салмақ дәрежесінен өттім, енді тағы екі салмаққа көтеріліп, Головкинмен жұдырықтасуымды талап етіп жатыр. Бірақ олар Головкиннен бір салмаққа көтеріліп, Андре Уордпен кездесуін сұрамайды. Головкин оны ешқашан шақырмас еді.

Егер мен көтеріле алсам, рингке шығып, оны жеңер едім. Бұл оңай іс», - деді Мейуэзер.