Орта салмақта WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы Сауль Альварестің менеджері Хосе Рейносо өз командасының Геннадий Головкинді жақсы білетінін айтты.

«Біз Оскар де ла Хойямен кездесіп, барлық нұсқаларды талқылаймыз. Ең жақсысын таңдап, қарсыласпен келіссөзді бастаймыз. Мұндай деңгейдегі жекпе-жектерде көп нәрсені шешу қажет. Қазір айтып жатқан әңгімелер ауаға атылған оқпен тең. Келіссөзге жақын қалғанда барлық жақсы және жаман тұстарын талқылаймыз.

Біз Головкинді жақсы білеміз. 2011 жылы Канело Абель Санчестің басшылығымен онымен 40 раунд спарринг өткізген. Бес жыл өтті, бірақ Головкин құбыжық не Супермен деудің керегі жоқ», - деді Рейносо.