Boxingnews24.com сайтының мәлімдеуінше, қазақстандық боксшы Қанат Исламның қарсыласы болған колумбиялық Хуан Де Анхель бүгінгі жекпе-жектен кейін ауруханаға түсіп қалды.
 
Алтыншы раундта Қанат Ислам қарсыласын нокдаунға түсірген болатын. Ал бұның алдында Анхель аяғын қайырып алады. Жекпе-жек аяқталғаннан кейін тобығынан жарақат алған колумбиялық боксшы аурухана жеткізілді.